Мақтаарал ауданы білім бөлімінің 2003 жылғы 22 мамырда берілген № 002746 АА мемлекеттік лицензия негізінде «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы мектепке дейінгі білім беру қызметімен айналысады. Балабақшаның орналасқан жері: Түркістан облысы Жетісай ауданы, Жетісай қаласы Жайшыбеков көшесі № 9 үй.
Балабақша ғимараты 1969 жылы салынған, құрылыс ауданы 432,1 кв метр, жалпы алаңы 676,8 метрді құрайды. Ғимарат балабақшаға 2010 жылдан бастап пайдалануға берілген. Балабақша мекемесі екі қабатты, бір ғимаратында 2 топтар екінші ғимаратында 4 топтар, бір ғимаратында әкімшілік бөлмелері, мейірбике, асхана, қойма, кір жуатын бөлмелер орналасқан және олар қажетті техникалық құралдармен қамтамассыз етілген. Су, электр, жылу жүйелері орталықтандырылған. Жұмыс уақыты таңғы 8.00 – 18.30 ге дейін, 5 күндік. Балабақша ауласы өсімдіктермен көгалдандырылған, балалардың таза ауада ойнап өсу мақсатында ойын алаңдары қарастырылған.
Оқыту тәрбиелеу жұмыстары қазақ тілде жүргізіледі. Жобалық қуаттылығы 150 орын, кәзіргі таңда жалпы бала саны 125 бала. Балабақшада 6 топ жұмыс істейді.
Мекеме екі қабатты, автономды жылыту жүйесімен,су, электр жүйелері орталықтандырылған, телекоммуникациямен қамтамасыз етіліп,өртке қарсы дабыл (сигнализация) орнатылған. Асхана, азық-түлік қоймасы, кір жуатын бөлмелер мен шаруашылық материалдарын сақтайтын қойма бар.
Егу және оқшаулау бөлмелерден тұратын төлқұжаттандырылған медициналық кабинетпен қамтылған. Бөбекжай бала бақшада жалпы 16 бейне камералар орнатылған, оның 14 данасы мекеме ішіне, 2 данасы мекеменің сыртына орналастырылған.
Балабақша оқытумен үрдісіне қатысты құрал – жабдықтармен толық жабдықталған. Әрбір топта жеке жатын, ойын, әжетхана, шешінетін бөлмелер орналасқан. Барлық топтар қажетті жиһаздармен, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай көрнекі құралдармен жабдықталған. Штатта 34 қызметкер жұмыс жасайды, оқу тәрбие жұмысында 14 педагог, оның ішінде ән жетекшісі, психолог педагогтар қызмет атқарады. Олардың 10 жоғары, 4 арнаулы орта білімді және олардың біреуі бірінші санатты, ал төртеуі екінші санатты, қалған сегізі санатсыз және біреуі сарапшы санатында қызмет етеді.
Балабақша өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конститутциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Еңбек кодексіде тағы да басқа нормативтік құқықтық актілерді, білім беру ұйымының Жарғысын басшылыққа алды.
Балабақша меңгерушісінің мәндетін уақытша атқарушы Жорабекова Жанат Толегеновна, жалпы еңбек өтілі 13 жыл, педагог жоғары білімі бар, бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі маманы.
Бөбекжай балабақшаның басты мақсаты: «Ұлттық тәрбиені бойына сіңіре отырып, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасқан тұлға тәрбиелеу, модернизацияның жүйесінің бағыттарына сәйкес, педагогикалық процестің жаңа сапалы жағдайын қамтамассыз ету болып табылады»
Педагог қызметкерлерді жұмысқа қабылдау үшін http://jetisai.edu.kz педагогтің бос лауазымына конкурс жариялап кадрларды қабылданады.
Тәрбиеленушілер SmartNation электронды жолдамасы бойынша 1 жастан бастап қабылданады.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус, тактикалық жолақ және арнайы әжетхана бар
Ас мәзірі таңғы, түскі және бесін ас мәзірімен тағайындалған.
Оқыту тәрбиелеу жұмыстары қазақ тілде жүргізіледі. Жобалық қуаттылығы 150 орын, кәзіргі таңда жалпы бала саны 125 бала. Балабақшада 6 топ жұмыс істейді.
МАМАНДЫҒЫ: МЕҢГЕРУШІ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ. ӘДІСКЕР. БІЛІМІ: ЖОҒАРҒЫ
МАМАНДЫҒЫ: ПЕДАГОГ – ПСИХОЛОГ БІЛІМІ: ЖОҒАРҒЫ
МАМАНДЫҒЫ: ТӘРБИЕШІ БІЛІМІ: ЖОҒАРҒЫ
МАМАНДЫҒЫ: ТӘРБИЕШІ БІЛІМІ: ЖОҒАРҒЫ
© 2023 «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасы