Тақырыбы: Күзгі жапырақтар.
Мақсаты: Күзгі табиғатты бақылау кезінде қарапайым өзгерістерді атай
білуге және өздерінің сезімдері туралы әңгімелеуге үйрету. Ұсақ қол моторикасын дамыту, дәстүрден тыс суреттерді бастырып салуды үйрету, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Қажетті көрнекі – құралдар: ағаштардың суреттері, ақ қағаз, гуашь.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Нейро жаттығу жасайды.
-Балалар бүгін біздің көңіл-күйіміз қандай ?
-Балалар бүгін бізге тәрбиеші апайлар қонаққа келіпті, қане қонақтармен сәлемдесіп алайық.
-Балалар қол ұстасып барлығымыз бірге шеңберге тұрып, шаттық шеңберін айтайық
Біз балдырған тең басқан
Дос құшағын елге ашқан
Ашық болсын кең аспан
Мықты болсын іргеміз
Барлығымыз біргеміз.
Жарайсыңдар балалар, өте жақсы.
-Балалар күзгі баққа саяхат жасайықшы, талдардан не түсіпті ? Жапырақтарды басып көрейікші? Жапырақтар қурап түсіпті я балалар. Басқан кезде қандай дыбыстар шықты ?
Сықырлады.
Жарайсыңдар балалар, дұрыс айтасыңдар !
Ал енді барлығымыз теледидарға қарайықшы !
Күз мезгілі туралы слайдты тамашалаймыз.
Слайдтан қай мезгілді тамашаладыңдар ?
Ағаштағы жапырақтар не істейді ?
Адамдар қалай киінеді ?
Күз айларын атайықшы ?
Жарайсыңдар !
Ал қазір біз балалар ұйымдастырылған іс әрекеттімізді ойынмен бастаймыз. Дидактикалық ойын: «Түстерді ажырат»
Шарты: Үш түрлі ағашқа түстеріне қарай қорапшаға салу.
Ойын ұнадыма ?
Кім күз туралы тақпақ айтады, білед.
Алихан: Күзім ау күзім ау
Мінезің бұзық ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық – ау.
Әли: Алтын, сары, қызыл көк
Алуан, алуан, жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
Әсемай:Ой балалар, балалар
Қоңырқай күз келіпті
Қурап жапырақ салыпты
Ел егінін орыпты
Хан: Күз айлары тамаша
Сабан тойы жараса
Жемісін мол силаған
Қыркүйек, қазан, қараша
Айша: Біз кішкентай балдырған
Сескенбейміз жаңбырдан
Төбемізде қол шатыр
Алдымызда жол жатыр
Жарайсыңдар балалар, өте тамаша !
Ал енді балалар мына жердегі түскен жапырақтарды себетке жинаймыз.
1-ші себетке үлкен, 2-ші себетке кішкентай жапырақтарды теріп салыңдар. Өте тамаша !
Сергіту сәті: Жапырағы ағаштың күз келді де тағы ұшты
Айналада желменен жерге қонды жайменен
Атам оны сыпырды сыбдыр-сыбдыр етілді
Сары жапрақ жиылды, таудай болып үйілді.
Ал ендібалалар сергіп бомақ шығармашылық орталығына барайық. 4-топқа бөлініп столдың үстіндегі берілген тапсырмаларды орындайықшы
1-топ: жасыл жапырақ тұрған столдың үстіндегі тапсырманы орындайды. Ұжымдық жұмыс: Асқабақтың дәнін ағашқа жабсыру.
2-ші топ: қызғылт сары жапырақ тұрған столдың үстіндегі тапсырманы орындайды: Ағашты жапырақтармен безендіру.
3-ші топ: қызыл жапырақ тұрған столдың үстіндегі тапсырманы орындайды. Күзгі ағаштың бейнесін салады.
4-ші топ: Сары жапырақ тұрған столдың үстіндегі тапсырманы орындайды: Мақтаға сурет салады.
Кәне балалар күз мезгіліне байланысты тіл ұзарту жаттығуын айтамыз
Аш, аш, аш, күзгі ағаш
Үш, үш, үш, жаңбырлы күз
Үн, үн, үн, жарқырайды күн
Рақ, рақ, рақ, сарғайды жапырақ
Ел, ел, ел, соғады жел
Ыр, ыр, ыр, жауады жаңбыр
Ғай, ғай, ғай, жарқырайды найзағай
Ойын: «Кім жылдам»
Шарты: допты қабырғадағы түсіне қарай жапыраққа жабсырамыз.
Кәне балалар бір-бірден ойнаймыз.
Жарайсыңдар балалар !
Ал енді балалар канекей күз мезгіліне байланысты Сары жапырақ деген әнімізді бірге айтайықшы:
- Қызыл,сары жапырақ
Көз тартады атырап
Қандай әсем айнала
Қарайықшы бақылап
Қызыл, сары жапырақ.
- Жапырақты терейік
Еңбекпен тер тогейік
Қызылы мен сарысын
Екіге тең бөлейік
Қызыл, сары жапырақ.
Қортынды:
Балалар бүгінгі біз жылдың қай жылдың мезгілі туралы айттық?
Күз мезгілінде неше ай бар?
Ағаштың жапырақтары не істеді?
Күз айларын атаңдар?
Осымен балалар, ұйымдастырылған іс – әрекетіміз аяқталды. Бүгін сендер тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Сендерге көп – көп рахмет!
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жылдың қай мезгілі екенін атай білу.
Талапты болуы: суретті әдемілеп салу
Көрсете білуі: дидактикалық ойын ойналды, сұрақтарға жауап берді.
Ұйымдастырылған іс – әрекетінің тақырыбы: «Шынықсаң шымыр боласың»
Ұйымдастырылған іс – әрекетінің мақсаты: Балаларды бірінің артынан бірі сапқа тұру, сап түзеп, педагог белгі бойынша аяқтың ұшымен, өкшемен жүріп жай қалыпқа түсутез ойнаған музыка әуенімен жүгіру, жүгіріп келе жатып жай жүріске ауысу және тізені жоғары көтеріп, дене тік ұстап жүру іскерліктерін дамыту.
Әдіс – тәсілдері: Балалардың көңіл күйін көтеру мақсатында «Айсұлтанның көңіл күйі жақсы», «Өте жақсы» сөйлемдерін пайдалану. Жалпы дамыту жаттығуларына дайындалу, негізгі қимыл жаттығулары «добым, добым домала» ойыны, «Допты себетке лақтыр ойыны», тыныс алу жаттығулары «Қақпашы» ойыны, «Шертпе» ойыны
Көрнекілік материалдары: Дене шынықтыруға арналған киімдер, музыка, доптар, кілемше, кегли.
Үлестірмелі материалдар: Бала санына байланысты жалаушалар кішкене доптар.
Ұйымдастырылған іс – әрекет барысы:
- Кіріспе бөлімі:
- Балалар кәне шеңберге тұрайықшы. Бір – бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік. Балалар ендеше бейне жазбаға назар аударайық.
- Бейне жазбада не көрдіңдер?
- Балалар еркін жауап береді.
- Күз мезгілі келіп айналаны сары түске бояды
- Жарайсыңдар! Балалар күз мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
- Балалардың еркін жауаптары.
- Педагог
Балалар бәріміз әдемі болып бір қатарға сапқа тұрамыз. Оңға бұрыламыз. Музыка әуенімен бірге бірінің артынан бірің жүріп отырыңдар.
- Тамаша! Мен қандай қимыл жасаймын сендер қайталап отырыңдар.
- Жақсы.
Балалар музыка әуенімен бірінің артынан бірі жүреді, педагог белгі беру бойынша аяқтың ұшымен және өкшемен жүреді, жай қалыпқа түсіп, тез ойнаған музыка әуенімен жүгіреді, жүгіріп келе жатып жай жүріске түседі және аяқтың ұшымен денелерін тік ұстап жүреді.
Жүріп келе жатып сапқа тұрады.
Жалпы дамыту жаттығуларын жасауға тұрады. Топқа бөлінеді.
- Негізгі бөлім
2,1 Жалпы дамыту жаттығулары. (жалаушамен)
Педагог әр балаға екі жалаушадан таратып береді.
Кәне балалар қолдарыңдағы жалаушаларды көрсетіңдерші.
- Тамаша
Бастапқы қалып, аяқ алшақ, дене тік қол төменде.
- Балалар жалаушаларын оң жаққа сермеп «желбіре» деген сөзді айтады.
- Бастапқы қалып
- Балалар жалаушаларын сол жаққа сермеп «Желбіре» деген сөзді айтады.
- Бастапқы қалып (жаттығу 4 – 5 рет қайталайды)
2.Бастапқы қалып аяқ алшақ, дене тік, қол төменде.
- Қолдарын жоғары көтеріп жалаушалармен «Жаса» деген сөзді айтады.
- Б.қ жаттығу (4 – 5 рет қайталайды)
3.Жерге шалқасынан жатыр жалаушаларын жоғары көтеріп «тербе» деген сөзді айтады.
3.1 Б.қ (жаттығу 3 рет қайталайды)
- Б.қ. аяқ бірге, дене бас қол төменде
4.1 Жалаушаларын көкірек тұсында ұстап бір орында тұрып секіру.
4.2. Б.қ (жаттығу 3 рет қайталайды)
2.2 Балалар екі топқа бөлінеді.
Негізгі қимылдар.
2.1 «Кім шапшаң» ойыны
Балалар керек сызықтар мен секіріп келіп, допты дәлдеп кеглилер мен допты дәлдеп лақтыру
«Кім мерген» ойыны
2) Кедергілердің арасынан еңбектеп өтіп допты себетке лақтырады.
3) «Кім жылдам» ойыны.
Балалар берілген шеңбер, үшбұрыш, төртбұрыш пішіндерге орналасады, текшеде дәл сондай пішіндер берілген текшені лақтырғанда қандай пішін түссе сол бала пішіндер үстімен секіреді.
- «Доптарды ұяшықтарына орналастырады» Балалар аяқ іздері бойынша
секіріп келіп доптарды түстеріне қарай ұяшықтарына орналастырады.
- “Қақпашы» және «Шертпе» ұлттық ойын.
Балалар екі топқа бөлініп асықты қақпаға дәлдеп лақтырды.
Қорытынды.
Педагог сылдырмақты ұрып, балаларды сапқа тұруға шақырады. Балалар бірінің артынан бірі тұрып, тыныс алу жатты,уларын педагогтің көрсетуі бойынша орындайды.
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ МАҚСАТЫ:
Балаларға дәрумендер туралы түсінік беріп, дене дамуына қосатын үлестері, адамға күш-қуат беретіндігін айту; дәрумендер туралы видеороликті көрсетіп, баланың түсініп көру зейінін дамыту; ұқыптылыққа, тазалыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
СӨЗДІК ЖҰМЫС:
Балалардың сөздік қорына «дәрумендер», «керемет», «көгөністер» сияқты сөз тіркестерін қосу күн тәртібіне байланысты «жемістер», «дені саудың жаны сау», сияқты сөздерді айтқызып, сөйлеу қабілетттерін жетілдіру.
ӘДІС-ТӘСІЛДЕР: Шаттық шеңбері, көркем сөз, теледидардан видеоролик көрсету, сергіту сәті, суреттер бойынша әңгімелесу үлгісі, дидактикалық ойын, бастырма әдісі бойынша сурет салу ойын жаттығуына сурет салады, жапсыру ойын жаттығуынан жапсыру және құрастыру ойын жаттығуы арқылы шығармашылық дағдыларын дамытты. Ұйымдастырылған іс әрекетті қызметін пысықтау, балалардың іс-әрекетін бағалау.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: 1. Көрнекілік материалдар. Бүгінгі тақырып бойынша суреттері: бірнеше жемістердің, көгөністердің суреттері. Суреттер бойынша әңгімелесудің көрнекілік кестесі. Көрсеткіш
Үлестірмелі материалдар: Қағаз бетіне басып шығарылған банка мен түстер және балықтардың бірнеше суреттері, дидактикалық ойынға арналған жемістер мен көгөністердің суреттері және муляждары.
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ БАРЫСЫ
КІРІСПЕ БӨЛІМ Шаттық шеңбері.
Арайлы таң, армысың!
Шуақты күн, армысың!
Жан досым, саған сәлем берейін,
Аман-есен бармысың!
Тәрбиеші:
— Балалар ұйымдастырылған іс – әрекетті бастамас бұрын мен сендер мен бірге ойын ойнағым келіп тұр.
Ойынның аты «Бөлігін тап»
Ойынның шарты: Себеттердегі тағамдардың бөлігін тауып құрастыру керек.
Балалар сендерге ойын ұнады ма? Ендеше мына мақалды бірлесе айтып қайталап көрейік.
Әуелі байлық — денсаулық,
Екінші байлық — он саулық,
Үшінші байлық — ақ жаулық.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Тәрбиеші:
— Ал, балалар, теледидарға қарап видеороликті мұқият көріп алып, одан кейін мазмұндап, дәрумендер туралы біліп алайық…
Суреттер бойынша әңгімелеу үлгісі. «Дәрумендер».
Педагог көрсеткішті қолданып, әңгімелесуді бастайды.
— Балалар, сендерге менің видеом ұнады ма?
Балалардың жауабы.
– Балалар, видео қалай аталады екен?
Иә, видеоның аты дәрумендер мен минералдардың күші деп аталады.
— Қане, дәрумендер қалай аталады екен немен белгіленеді?
Иә, дәрумендер әріптермен аталады екен.
— Қандай әріптермен аталады?
Иә, А, В, С, Е, К деген әріптерімен аталады екен.
— Ал біз дәрумендерді неден аламыз?
Иә. Дұрыс айтасыңдар, біз дәрумендерді тағамдардан аламыз, оның ішінде жемістер мен көгөністерде өте көп кездеседі.
— Дәрумендерге бай жеміс түрлерін атайықшы?
Иә, дұрыс айтасыңдар, алма, шие, алмұрт, банан т.б. — Дәрумендерге бай көгөніс түрлерін атайықшы?
Иә, дұрыс айтасыңдар, қызылша, қырыққабат, қияр, қызанақ т.б.
— Дәрумендерді не үшін пайдаланамыз?
Иә, дәрумендерді денсаулығымыз мықты болуы үшін пайдаланамыз.
Балалар ендеше тобымыздағы қуыршақты тамақтандырып көрейікші.
Ойын: «Қуыршақты тамақтандыр»
Шарты: балалар үстел үстіндегі тамақтар мен қуыршақтарды тамақтандырады.
Тыныс жаттығуы.
Балаларға шыны бакалдар мен шарлар беріледі.
Балалар берілген шарды үрлеп бакалдарды желмен ұшырады.
Балалар тыныс жаттығуларын жасап болсақ шығармашылық орталыққа барып шығармашылық дағдыларымызды дамытайық.
Шығармашылық орталық
Балалар мұнда сендер үш топқа бөлінесіңдер.
І – топ Сурет салудан ойын-жаттығуынан жемістерді пайдалана отырып бастыру әдісі бойынша аналарымызға жемісті шырын дайындайды.
ІІ – топ Жапсыру ойын-жаттығуынан тістерімізді ағартып керекті дәрумендерді береді.
ІІІ – топ Құрастыру ойын-жаттығуынан балықтың кылтықтарын құрастырады.
Педагог балаларға шығармашылық орталықтан немен айналысатынын түсіндіреді.
Балалар түсінгені бойынша шығармашылық дағдыларын дамытады.
Балалар аяқтап болған соң балалардың істеген жұмыстары бойынша түсіндірме жұмыс жүргізіледі.
Сергіту сәті: музыка ырғағы бойынша доппен жасалады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылау, балалардың іс-әрекетін бағалау.
— Балалар, бүгін сендер үшін не қызықты болды?
— Балалар видео қалай аталады екен?
— Қане, дәрумендер қалай аталады екен немен белгіленеді?
— Қандай әріптермен аталады?
— Ал біз дәрумендерді неден аламыз?
— Дәрумендерге бай жеміс түрлерін атайықшы?
— Дәрумендерге бай көгөніс түрлерін атайықшы?
— Дәрумендерді не үшін пайдаланамыз?
Егер балалар бірден жауаптарды таппай жатса, алғашқы уақыттарда педагог өзі жауап үлгісін айтып, балаларға қайталатады.
Контексті ұқсас сұрақтар қойылған сайын, балаларды жауап беруде көптеген үлгілер мен нұсқалар пайда болады, сөздік қорының молаюына қолайды жағдайлар туындайды.
— Балалар, бүгін сендер, әңгімеде айтылғандай, өте зерек, ұйымшыл, тәртіпті де бола білдіңдер. Келешекте біз көптеген ойындарға, ойындар үстінде ізденімпаз, тапқыр, ұғымтал болып, көптеген ертегілерді тыңдап әңгімелеуді үйренеміз. Бүгінгі өтілген ұйымдастырылған іс – әрекетіміз аяөталды. Жарайсыңдар балалар.