Пікірлер

Мен, Нурғалиқызы Фаризаның анасы, Турмуратова Айсулу, қызым 1 жасынан бастап "Күншуақ" балабақшасында тәрбиеленіп жүр. Балабақша өте жақсы, тәрбиешісі Акбаева Салтанат Жаркинбековна балдарға жауапты, қамқор, сапалы тәрбие беруде. Қызым балабақшаны өте қатты жақсы көреді, өте ұқыпты санауды, жазуды, анық сөйлеуді, ортаға тез бейімделуді үйренді. Апайларының қызметтеріне, тәрбие білімдеріне көңілім толады. Асханасының тамақтары да, тазалықтары да өте жақсы.
ата-ана Турмуратова Айсулу
Нурғалиқызы Фариза
Мен, Жанарбек Әлинұрдың анасы, Раманкулова Айман Дарханқызы, 2022 жылы қыркүйек айынан бастап атаулы "Күншуақ"бөбекжайында ересек тобында тәрбиеленіп келе жатыр. Ұлым балабақшаға барғалы ашылып, тіл жағынан тежелуі бар еді, ол да дамып келеді Ең бастысы апайларын жақсы көреді. Мансия, Сымбат, Несібелі апайларына және ұжымға рахмет!
ата-ана Раманкулова Айман
Жанарбек Әлинұр
Мен, Болат Ұлағаттың анасы, Еламан Алтынай, ұлым бір жас үш айынан бастап “Күншуақ” балабақшасына барады. Балабақшаның тәрбиешілері: Акбаева Салтанат апай, Турланбаева Рахия апайлары біздерге қатты ұнайды. Балаларымызды сеніп тапсыра аламыз, әрбір балаға үлкен жауапкершілікпен қарайды! Баланы ұжыммен болуды, өзін тануды, күнделікті өмірге бейімдеуді, оқу-біліммен сусындауды үйретіп келеді.
ата-ана Еламан Алтынай
Болат Ұлағат
Куншуақ балабақшасына қызым Жарылқап Мәриям 2021 жылдан бері барады. Бақшаға барғаннан бері көп дағдыларды қалыптастырды. Түстерді ажыратып, тақпақ жаттап, санауды, балалар мен қарым-қатынас жасауды үйренді. Балабақшаға қуана барып жүр. Балабақша ұжымына, тәрбиеші апайларына үлкен алғыс білдіремін!!!
ата-ана
Жарылқап Мәриям
Мен, Қаржаубай Ақәділдің анасы, Адилова Айнур, ұлым 2022 жылдың наурыз айынан бері Күншуақ бөбекжай балабақшасында тәрбиеленіп келе жатыр. Соның ішінде Ересек тобында, тәрбиешілері: (атап айтқанда) Мансия, Сымбат апайларымыз өте білімді ұстаздар, балаларға өздерінің қызықты ойлары мен ойындарымен қызықтыра отырып, сабақтарын жүргізеді. Бастысы балаларым, бақшаға баруға бар ынтасымен барады.
ата-ана Адилова Айнур
Қаржаубай Ақәділ
Мен, Жақсыбекова Лаура, Сабыр Алинурдың анасымын 😇 Мен ұлымды Күншуақ балабақшасына беріп келемін. Ұлым биыл балабақшаны өте қатты жақсы көреді. Барғанша асық. Бала деген эмоциясын жасыра алмайды. Баланың мұндай балабақшаға деген сағынышы апайлараның арқасы 😇 Гулмира апайы, Гулжауһар апайы, Гулсара апайына алғысым шексіз. Мейірімдерін бөліп , жауапкершілікпен қарап отқандарына 😇💋
Жақсыбекова Лаура
Сабыр Алинур
Мен, Сабыр Сабинаның анасы, Жақсыбекова Лаура, “Куншуақ” бөбекжай-балабақшасына беріп келемін. Тәрбиешілер балаларға өте ұқыпты, мейіріммен қарайды. Қызым апайларын өте қатты жақсы көреді. Балабақшаға барғанда апайлары қызымды құшақ жая қарсы алады. Қызым да балабақшаға баруға асық, өйткені оның бәрі апайлары Михирова Мавлюда, Бекботаева Роза, Жанар арқасы. Балдармен жақсы жұмыс жасайды. Алғысым шексіз❤️💋
Жақсыбекова Лаура
Сабыр Сабина
Мен, Абилда Арманның анасы, Нуршаева Айгүл, баламды "Күншуақ" бөбекжай балабақшасына беріп жүрмін. Бізге балабақша ұнайды. Тәрбиешілер балаларға өте ұқыпты, жауапты және қамқор. Атап айтатын болсам, Бекботаева Роза апайға рахмет. Балама деген қамқорлығы қөз қарасы өте жақсы. Михирова Мавлюда апайға да үлкен рахмет. Бұл апайларымызды бөліп жарғымыз келмейді. Сіздерге тағы да рахмет, жалықпай берген мейірімдеріңіз үшін! От басымыздың атынан алғыс айтамыз.
Нуршаева Айгүл
Абилда Арман

«Күншуақ» бөбекжай-балабақшасы

Біз туралы

Оқыту тілі: Қазақша
Балабақша мемлекет меншігінде

Байланыс

© 2023 «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасы