Тақырыбы: Күз сыйы
Мақсаты: Табиғаттағы өзгерістерт туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы сөйлем құрастырып, әңгімелеуге, үйрету. Адамдар үшін жемістер мен көкеністердің маңызы туралы түсінік беру.
Дамытушы: Жапырақтардың түсінің өзгеру, жемістерінің пісуі туралы және ой-өрісін дамыта отырып, есте сақтау мен тілін дамыту. Адамдардың еңбегі туралы түсінік беру.
Әдіс тәсілдер: Түсіндіру, әнгімелеу, дидактикалық ойын, сұрақ-жауап.
Көрнекілік: Күз мезгілі бейнелеген суреттер, көкөністер мен жемістердің, талдың суреті. Дидактикалық ойынға арналған суреттер мен карточка.
Қажетті құралдар: Желім, қагаздар, талдың бейнеленген суреті.
Мотивациялық қорғаушы күш:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жайнап түсті даламыз.
Балалар шаттық шеңберін құрып өлеңді қайталайды.
Ұйымдастырушы ізденуші :
Балалар кәзір қай мезгіл?
Балалар: қойылған сұраққа толық жауап береді.
Тәрбиеші: Күз мезгілінде қанша ай бар?
Балалар: 3 ай
Күз айларын атап береді
Тәрбиеші: күзде табиғат қандай болады?
Күз ерекшеліктерін атап береді.
Тәрбиеші: Күзде құстар қайда ұшып кетеді.
Балалар: күзде құстар жылы жақа ұшып кетеді.
Балалар мына тақтаға суретке назар аударамыз. Мінекей балалар күз өте ерекше жомарт алтын тамаша мезгілінің бірі екен. Күзде табиғат ерекше күйге енеді. Жапырақтар сары, қызыл, жасыл болса алқаптағы шөптер қоңыр сарғыш түске боялады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жауын шашын көбейеді. Күн суытады. Күзде жеміс-жейдектер, көкеністер бақша дақылдары егістіктегі астық пісіп қамбаларға жиналады. Сондықтан адамдар күзді жомарт алтын деп атайды. Күз жылдың берекелі мезгілі. Күз туралы кім тақпақ айтады?
Медина
Күзім ау күзім ау,
Мінезің бұзық ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгеннің қызық ау.
Мариям
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан, алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Балауса
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерді жинауға,,
Шақырады біздерді.
Арман
Алқаптан бидайды,
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатамын күзді мен.
Ғажайып сәт
Тәрбиеші: Балалар біреу есік қағып тұрғандайма қалай өзі?
Есікті қағып «Кірпі кіреді»
Кірпі: Сәлеметсіздерме балалар !
Тәрбиеші: Салеметсіз бе,
Кірпі: Балалар манадан бері сендердің айтып жатқан, әңгімелеріңді, тақпақтарыңды естіп келе жатырмын.
Менің сендерге алып келген тапсырмам бар.
1 тапсырма:
Мына алмада күз сыйы бейнеленіп тұр.
Ал бірге тапсырмаларды орындайық.
Балалар кірпімен бірге тапсырмаларды орындайды.
2 тапсырма:
Сыйқырлы бағыттама дидактикалық ойын.
Күз мезгілінің ерекшеліктері мен ауа райындағы құбылыстардың бағыттары арқылы көрсету.
3тапсырма:
Жемістер мен көкөністерді ажырат.
Шарты:
Жемістер мен көкөністердің суреттеріне түсіне қарай сәйкестендіріп орналастыру.
Балалар ойынға қызыға қатысады.
Тәрбиеші: Жемістер туралы кім тақпақтар айтады?
Айсұлтан
Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.
Алия
Мен өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа көрікпін.
Мухаммед Али
Мен жүзіммін, жүзіммін,
Моншақ болып түзілдім.
Тарбиеші: Шығармашылық сәт
Міне балалар алдарыңда тұрған тапсырманы 3топқа бөлініп орындаймыз.
Балалар ойын ұнадыма?
1 топ
Ойындағы көкөністердің суретін ұнтақтың арасынан үрлеп табу.
2 топ
Күзгі талдың суретін құрастырады.
3 топ
Талдағы жемістің түсіне қарап жіпті баулау.
Балалар:
Тапсырманы қызыға орындайды.
Тәрбиеші:
Балалардың жұмыс барысында ұқыпты жұмыс істеулері қадағалайды.
Сергіту сәті:
Жау жау жаңбыр,
Жау жаңбыр.
Мөлдіреген тамшыларың,
Жау жау жаңбыр.
Жау жаңбыр,
Табиғатың сәті.
Балалар сергіту сәтін орындайды.
Рефлексивті түзету.
Тарбиеші:
Ал балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізге жақсы қатыстыңдар, жарайсыңдар балалар. Басшылық жасалып жақсы жұмыстар мақталып іс-әрекет барысы қорытындылады.
Күтілген нәтиже
Нені біледі:
Күз мезгілінің ерекше сыйын атай біледі.
Қандай түсініктерді игереді: Күз мезгілінде жемістердің көкеністердің пісетінін түсінеді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:
Қағазға бояу мен ұқыпты жұмыс жасау дағдыланады.
© 2023 «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасы