Тақырыбы:Үй жануарлар

Мақсаты:Үй жануарларын ажыратып айта білуге үйрету.

Үй жануарларына деген қамқорлық , аяушылық сезімдерін ояту.

Сурет бойынша әңгіме құрату арқылы тіл байлықтарын дамыту. Жануарлар қалай дыбыстайды? Сұрағына жауап беруге үйрету.

Дамытушылық:Ойын ,жұмбақ,тақпақтар арқылы ой өрісің дамыту.

Әдіс тәсілдері: Әңгімелесу,сұрақ -жауап,түс,ндіру,тапсырмаларды орындау.                        

 Көрнекілігі:Үй жануарлары мен төлдердің суреті.

Қажетті құралдар::Үй жануарларының бейнеленген суреттері

 

Мотивациялық қорғаушы күш

Қайырлы таң көк аспан!

Қайырлы таң жер ана

Қайырлы таң достарым

Сәлем,сәлем,сәлем!

Балалар шаттық шеңберін құрып өленді қайталайды

Ұйымдастырушы  ізденуші

 

Балалар тақтадағы суреттерге назар аударамыз.

Балалар мұнда не көріп тұрсындар?

Үй жануарларының суретін

Балалар  бүгін біз үй жануарларымен танысамыз,тақтаға назар аударайық.

Ал мынау қай жануар

Мынау түйе-түйенің төлі бота

Мынау жылқы-жылқының төлі құлын

Мынау сыйыр-сыйырдың төлі бұзау

Мынау қой-қойдың төлі қозы

Мынау ешкі-ешкінің төлі лақ

Балалар бұл үй жануарларына жатады

Біз оларға жем,су,шөп береміз.Қораның ішін тазалаймыз.Бұл үй жануарларының бізге тигізер пайдасы зор.

Тәрбиеші: Балалар мына бейне роликке назар аударамыз. Мінекей балалар жануарлардың дауыстарын тыңдап таныстыңдар.

Үй жануарлары туралы кім тақпақтар айтады.

 

Тақпақтар:

 

Ұлдана

 

Тойған бота ойнақтап,

Биігін жазды сезбеді

Түйе боздап жағада,

Төлін жоқтап іздеді. (Ұлдана)

 

Мариям

 

Тентек болма ақ бұзау,

Еріншек болма ақ бұзау.

Кең далада сенімен,

Жарысып мен жүргенім .(Мәриям)

 

Жарайсыңдар балалар!

 

Балалар менімен ойын ойнағыларың келе ме?

1 ойын:      Жануарларды тамақтандыру.

Балалар тапсырманы қызыға орындады.

 

2 ОЙЫН:Жануарларды ұяшықтарына орналастыр.

Балалар белсене қатысты.

 

3 ойын:Жануарлардың төлін  тауып орналастыр

Жарайсындар балалар жануарларды төлің тауып орындап шықтыңдар.                              

Балалар тапсырманы қызыға орындады.

 

Жарайсындар балалар:

 

Ал ендеше шығармашылық орталыққа оралайық.

Шығармашылық сәт:

1 топ:Ақ мақтаны мамық жүн ретінде қойдың суйретіне жапсыру.

 

2 топ:Үй жануары сыйырды сауу

3 топ:Үй жануарларының суреттерің құрастыру.

Балалар тапсырманы қызыға орындайды.

 

Тәрбиеші:Балалардың жұмыс барысында ұқыпты жұмыс істеулері қадағаланады.

 

Сергіту сәті:

 

Кел билейік балақай,

Қолды көтер алақай.

Аяқтар мен топ-топ,

Шапалақты соқ-соқ.

Оңға жаса бір қадам,

Солға жаса бір қадам .

Маймылдар ұқсап биле,

БелдІ қозғалт пам-пам

 

Балалар сергіту сәтін орындайды:

Рефлексивті түзету.

Тәрбиеші:Ал балалар бүгіңгі оқу іс-әрекетімізге жақсы қатыстыңдар

Жарайсындар балалар.

Басшылық жасалып жақсы жұмыстар мақталып,мадақталады.

Күтілітің нәтиже:

Нені біледі:

Үй жануарларының аттарын,төлдерің білу.

 

Меігерген дағдылары мен іскерліктері:

Әр  жануардың өзіне тәң ерекшелігі мен берер пайдасын менгеру.

 

«Күншуақ» бөбекжай-балабақшасы

Біз туралы

Оқыту тілі: Қазақша
Балабақша мемлекет меншігінде

Байланыс

© 2023 «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасы