Іс-шаралар

 Ардақты да аяулы аруларымыздың, аналарымыздың мерекесі 8 наурызда  ортаңғы  тобының әжелерге, аналарға және ұстаздармен мен аруларға,  арналған «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» атты кештің сценарийін ұсынамыз:
Жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Саламатсыздар ма ! қымбатты әжелер, аналар, ұстаздар,арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» атты кешімізді ашық деп жариялаймын! Қош келіпсіздер!

Жүргізуші:Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың, – дей келе құттықтау сөз кезегі Жанат Толенгенқызына беріледі.
Жүргізуші:Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды, — дей келе ортада сіздерге арналған тартуларын қабыл алыңыздар.

Хор: «Ана деп ән салам»

Жүргізуші: Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы, – деп  балаларының тақпақтарына берейік

Жүргізуші: Алақаны жылылықтан балқыған,
Бір күлкісі бар әлемді шарпыған.
Бұл сезімге ие болған барша жұрт,
Әрқашан да мол байлықта шалқыған, – дей отырып ортаңғы топ  ұл — қыздарыңыздың өнерлерін қабыл алыңыздар!

Би: Грузин биі

Жүргізуші: Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын апалардың баласы бар деп келесі кезекті  ұл – қыздарының өнерлеріне берейік.

Би: Қасықтар биі.

Жүргізуші: Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,

                     Анам менің, асылым, лағыл әнім. Алдарыңызға әнші қыздарыңыз «Ана» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар!
Хор: «Ана»

Жүргізуші: Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
                    Жасқанбай әр қадамын нық — нық басып,
                    Биімен көрерменді тәнті ететін
                    Жігіттер  келді міне толқып, тасып. Ортада «Кавказ» биі қарсы алыңыздар!


Жүргізуші: Аяулысың, ауылымның асылдары,
                  Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
                  Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
                  Сендер үшін мереке шашулары,- деп алдарыңызда «Гүлдер» биі тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Қамымды ойлар күн — түні,
                    Анам — менің көктемім.
                    Ақтай алсам, үмітін,
                    Арманыма жеткенім, – дей отырып ересек тобының ұл — қыздарының аналарға арналған билерін қабыл алыңыздар!

Би: Ламбада

Жүргізуші: Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
                    Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
                    Қалайша аяулы ана тына алармын,
                    Ән болып сағыныштан ақтарылмай, — деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне бүлдіршіндерінің тақпақтарын  қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Ару — Ана өмірдің асылдары,
                   Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
                  Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
                   Сендер үшін мереке шашулары, — дей отырып Исак Аянаттың «Мереке»  әнді қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: «Бала, бала, бала» деп,
                      Бізді өсірген анашым.
                      Гүлге толып, құшағың,
                      Бақытты бол, анашым  – дей отырып ересек тобының  ұлдарының ұстаздар мен аналарға арнаған өнерлерін қабыл алыңыздар

Би: «Анамның жүрегі»

Жүргізуші: Ана деген жан екен,
                  Ана деген ән екен.
                  Ұстаз — ана, әжелер,
                  Үстем болсын мерейің, – деп ортаға ұлдарымен аналарын шақырамыз.


Жүргізуші: Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?! Олай болса ендеше ойынға кезек берейік.

Ойын: «Дауысынан таны»
Жүргізуші: Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылуын тарататын ана. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Осымен бүгінгі «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» атты мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп — көп рахмет! Келесі кездескенше аман – сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын! Тағы да мерекелеріңізбен!

 

Залда әсем әуен ойнап тұрады. Балалар билеп кіреді
Тәрбиеші: Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Ұлы
мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс
тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш, сыйласын!
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты болсын! Келе
жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды! (Наурыз қыз музыкамен ортаға келеді)
Наурыз қыз: Мен наурыз қызбын
Қыздарымда қасымда
Ұлыс күнге жетті міне асыға
Келген жылым жақсылыққа басташы
Қуанышпен әр үйдің
Босағасын атташы
Айша: Сәнді көктем — Наурыз!
Наурыз тойы — жырымыз.
Көңіл гүлдей жайнасын.
Құлпырсын күн мен ай.
Құтты болсын Наурыз!
Адина: Қош келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!
Абдухаким: Би биледік бәріміз!
Егін өңін толқытқан,
Елдің көңілін шалқытқан.
Бас иеміз — Наурыз!

Камила Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Сәлем бердік, біз сізге!
Тәрбиеші: Рақмет, Төрлетіңдер, дастархан басына жайғасыңдар.
Наурыз жыл басы, наурыз қуаныш мерекесі.
Тәрбиеші: Наурыз — бақыт пен шаттық мерекесі.
Наурыз – көктем мерекесі. Ендеше «Көктем» туралы ән шырқайық
ӘН: «Көктем келді»
Тәрбиеші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.
Тақпақтар
Әли: Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсың халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық.
Темірлан: Осыншама жақсылық

Алып келген Наурызым
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің!
Аселя: Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз

Ән саламыз бәріміз
Би билейміз бәріміз
Данель: Наурыз айы — гүл айы
Наурыз айы — нұр айы
Наурыз айда халқымның
Құлпыра түсер шырайы
Абдурахим: Уа, халайық, халайық!
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық
Тәрбиеші: Ой балалар жарайсыңдар, бәрекелді.
Тәрбиеші: Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі бұл айтыс. Наурыз
мейрамында ақындар айтысы болып отырған. Ақындар жақсылық пен жамандық, суық пен
жылының күресін жырлаған.
Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл өнері, бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын
табуда.
Тәрбиеші: Асық ойындары — Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі.
Мақсаты:Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың
ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту. Асық ойнату арқылы оқушыларды дәлдікке,
мергендікке, ептілікке жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулу.
Балаларға ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу, қазақ халқының брендттерін
сақтап әлемдік денгейдегі спорттық ойындар қатарына қостыруға ой туғызу.
Міндет: Асық ойынының барлық ережелерін, қыр – сырларын зерттеп, ізденіс жұмыс жасап,
асықтың түрлерімен ерекшелерін білу.
Тәрбиеші: Наурыз тойын бастаймыз
Бимен оны қостаймыз
БИ: «Тостаған биі»
Наурыз қыз: Мен қанша шуағымды шашып, мейірленгенімен қалың қыстың етегі сөгіле
қоймаған тәрізді. Тезірек қар түгелдей еріп, ағаштар бүршік ашып, жер көктеу үшін не істесек
екен ә?
Тәрбиеші: Иә, аздап салқын, айнала әлі қар. Ол үшін біз шуағын шашқан алтын сәулелі ару
күнді, қасиетті жер ананы, ыстық ықыласты от ананы ортаға шақырайық.
(Музыкамен жер ана, от ана, ару күн шығады). Бастарына байлам тағу
Жер ана: Кемеңгер: (бата береді) шашу шашады.
Жетегің бұйда болсын,
Арқаң шуда болсын.
Беретін асың болсын,
Көретін жасың болсын.
Бесігің алдыңнан түспесін,
Басыңнан жақсылық кетпесін,
Жамандық саған жетпесін.
От ана: Айдана: Жыл басы — Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке,
Тіршілік таңы оянды.
Ару күн: Жансерік: Уа, жарандар, келіңдер!
Той қызығын көріңдер!

Наурыз тойға бас иіп,
Күнге сәлем беріңдер!
Армысыздар көрермен қауым! Наурыз мейрамы құтты болсын, ұлыс оң болсын!
Тәрбиеші: Аяулы да қасиетті аналар біздің мерекелік дастарханымызға төрлетіңіздер!
Наурыз қыз: наурыз мейрамында ауылдарды аралап наурыз көже ішу керек екен.
Тәрбиеші: Иә, наурыз көже ең дәмді, әрі тойымды, құнарлы тағамның бірі.
Наурыз қыз: Ендеше, мен ауылдарды аралап, қыдырып қайтайын – деп шығып кетеді.
Ән «Наурыз мереке»
Тәрбиеші: Ал, құрметті халайық, бесікке салу рәсіміне кезек берейік.
ӘЛИЯ: Бұл — бесік. Бесіктің жабдықтарын айтып өтейін. Көрпесі, жастықшасы, баулары,
аяқбауы, жөргегі, түбегі, шүмегі болады.
— Ал енді бесікті дайындап, бөбегімізді жатқызайық.
— Бесікке баланы салмас бұрын, аластап алған дұрыс.
— Шырпыны жағып, отпен аластайды. (сіріңкені көрсетеді)
Алас — алас, алас,
Бар пәледен алас.
Барлық пәле желмен кетсін,
Ағынды сумен кетсін.
Алас — алас, алас.
Енді тыштырма рәсімін жасайық.
Тышты, тышты, тышты ма?
Балалар хормен: Тышты, тышты
ӘЛИЯ: Конфетті уыстап алып, екі жаққа балаларға шашады
Қайталап айтады: Тышты, тышты, тышты ма?
Бөбегім ұйықтап дем алсын
Қунап оянсын!
Енді баланы бесікке салайық.
Бесік жырының бір шумағын айтып жіберейік.
Тәй – тәй басып бөпешім, жүргенің қандай
Көз қуаныш көкешім, күлгенің балдай
Аспандағы ай күнді, аламын дейсің
Асқар таудай айбынды, боламын дейсің
Әлди – әлди, ақ бөпем
Сендей сәби жоқ көкем
Анам әкем дейсің бе, тілің тәтті екен
Әлди – әлди, ақ еркем
Бой жетерсің сен ертең
Мақтанышы елімнің, өзің бол еркем
Тәрбиеші: Кел, балалар ойнайық
Ойнайық та, көңілімізді көтерейік
Ойын: «Орамал тастау» Қызымызды ортаға шақырайық. Ұлдарымыз музыка әуенімен атпен
шабады. Музыка тоқтағанда, қызымыз орамалды ортаға тастайды, ал ұлдар жерге түсірмей
қағып алу керек. Қағып алған бала қыздың бетінен сүйеді.
БИ: Ұлдардың биі
Тәрбиеші: Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады.
Ендеше, ақ кимешекті ақ әжеміз наурыз көже әкеле жатыр. Қош келдіңіз! (музыка)
ӘЖЕ: (Қолында тостаған, наурыз көже)

— Амансыздар ма, құрметті қонақтар, балалар, көктемнің тамаша мерекесі, Ұлыстың ұлы күні,
Наурыз құтты болсын, әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе әкелсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол
болсын! Қайда барса жол болсын!
— Балалар, менің қолымдағы не? Онда не бар деп ойлайсыңдар?
— Дұрыс айтасыңдар. Бұл Наурыз көже. Наурыз мерекесін наурыз көжесіз елестету мүмкін
емес. Сендерге сұрақ
— Наурыз көжені неше түрлі тағам қосып дайындайды?
— 7 түрлі
— Қане атап беріңдерші?
— Сүр ет, сүзбе, бидай, құрт, тары, май, тұз
— Дұрыс айтасыңдар. Наурыз көже ең дәмді, әрі тойымды, құнарлы тағамдардың бірі. Ерте
кезде үлкен тайқазанға пісірген. Наурыз көже қаншама халықты аштықтан аман алып қалған.
— Ал, қонақтар жыл бойы тоқшылық болсын, дастарханымыз кең жайылсын деген ақ тілекпен
наурыз көжеден дәм татыңыздар.
(ата – аналар алдына үстел қою, Наурыз көже құятын тостағандар қойып, құйып береді)
ӘЖЕ: Мына наурыз мерекесіне бір әдемі кілемшені әшекейлеуді бастап едім, аяқтай алмай
қойдым. Мына көзде көрмейді, кәрілікте келді. Балалар маған көмектесіп жібересіңдер ме?
Келіңдер, отырыңдар – деп жерге отырады
(Әже жерге отырып, кілемшені жайып, оюларын жанына қойып, қалай жасау керек екенін
көрсетеді. )
Тәрбиеші: Әрине, балалар әжеге көмектесеміз бе? Әже, сіз көрсетіп отырыңыз, қайсысын қай
жерге орналастыру керек екенін. 4 бала шығару
ӘЖЕ: Ой, рақмет, балалар! Өркендерің өссін, көп жасаңдар. Қандай тамаша кілемше болды –
деп жайып көрсетеді
Тәрбиеші: Қандай көмек керек болса айтыңыз, біз әрқашанда көмектесуге әзірміз. Солай ма,
балалар?
ӘЖЕ: РАҚМЕТ! Сау болыңдар! Наурыз құтты болсын! (шығып кетеді)
ӘН: «НАУРЫЗ»
Тәрбиеші: Осымен Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!

16 желтоқсан- Тәуелсіздік күніне арналған “ Тәуелсіз елім-Қазақыстан”  ертеңгілігі

 

Мақсаты: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік  үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.Балаларға патриоттық тәрбие беру

 Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Мемлекетінің рәміздері: ту, ельаңба, әнұраны. Қасым Жомарт Тоқаевтің портреті

 Тәрбиеші сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті тәрбиешілер және балалар. Біздің тобымыздың «Тәуелсіз елім — Қазақстаным» оқу іс-әрекетіне қош келдіңздер! Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!! “ Қарлығаш” ортаңғы тобының ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер. Балалар ән ырғағымен залға кіреді.

 Тәрбиеші: Атыңнан айналайын егемен ел,
                    Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,
                    Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!
                     Ғасырдың тойы болсын тәуелсіздік.- деп әнұран орындалады

 -Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. 1986 жылғы 16 желтоқсан  қащақ халқының мәңгі есінде қалған күн.

Хор: “ Туған жердей жер болмас”

Тәрбиеші: Күміс күй мен әнге толы тула бойы,

                    Қуанышқа кенелтеді асыо ой.

                    Шаттандырған бабасы мен баласын,

                      Тәуелсіздік күні бүгін-Ұлы той.

Айша: Арқасында күнді алып,

             Қыранымыз самғап жүр

             Көк туымыз желбіреп, 

             Жермен көкті жалғап жүр.

Әлихан: Анаң-күнің,жүрегің,

                Әкең-өмір тірегің,

                Сен бақытты ұлансың,

                 Бәрі соған қуансын!

Осман: Он алтыншы желтоқсан,

              Тәуелсіздік алған күн.

                Мерекеге ел тосқан

                Шырқыратып ән салған күн.

Хансұлтан:Қуат алған өзіңнен, 

                        Туған елдің қызымын. 

                        Бақытты етіп өсірген, 

                        Отанымның гүлімін. 

Асылым:  Елтаңбасы елімнің 

               Ортасында шаңырақ 

               Мемлекеттік туымнан 

                   Күн шығып тұр жарқырап. 

Жандос: Тәуелсіздік келді деп, 

                Оралды қайта салтымыз 

                Баянды болай енді тек 

                Бақытты біздің халқымыз. 

Әсемай: Арқасында күнді алып, 

               Қыранымыз самғап жұр 

               Көк туымыз желбіреп, 

               Жермен көкті жалғап тұр. 

Тәрбиеші: Ақ күнді көтерген ел құсы  

                  Халқымның батырлық белгісі! 

дей отырып балаларымыздың “Шуақты күн” биін тамашалаңыздар.

Тәрбиеші: Он алтыншы желтоқсан,

              Тәуелсіздік алған күн.

              Ерекше боп мәңгілік,

              Ел жадында қалған күн.

Көрініс: “Тәуелсіздік деген не?”

Зал іші кілем төсек, стол, домбыра макеттерімен безендірілген.  «Аққу» атты күйі орындалады.Қолында ұршығы бар әже келіп отырады.Қолында қамшысы бар бала атқа мініп ойнап жүреді.Ол әжесіне жүгіріп келіп,мойнына асылып,еркелейді.

Бала:  —Әже не істеп отырсыз

Әже: — Ой құлыным,мен ұршық иіріп отырмын.Кел отыр,ойыннан шаршаған боларсың.

Бала: -Әже, біз балабақшада Тәуелсіздік мерекесіне дайындалып жатырмыз. Әже «тәуелсіздік»деген не?

Әже: Құлыным-ау, «Тәуелсіздік» деген бұл үлкен әңгіме.Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиыншылықты бастан кешірді.Қайсар, батыр аға-апаларымыздың  арқасында егеменді ел болдық.Тәуелсіздік алғанымызға 22жыл болды.Аллаға шүкір енді өзіміздің Туымыз,Әнұранымыз,Елтаңбамыз бар.

Бала: Әже,мен сізге тақпақ айтып берейін бе?

Әже: Айта ғой құлыным!

Бала:Күміс күй мен әнге толы тұла бой,

        Қуанышқа кенелтеді асыл ой.

        Шаттандырған бабасы мен баласын,

        Тәуелсіздік күні бүгін- Ұлы той.

Әже:  -Ой ақылдым,өркенің өссін!

Бала: Әже, мен шаршадым,ұйықтап алайыыншы.

Әже:   Ұйықтай  ғой құлыным. (музыка әуенімен бала ұйықтайды.Әже орнынан тұрып кетеді.)

Жүргізуші: «Есейгенде ер болып,елді жаудан қорғайды» демекш бүгінгі бала ертеңгі болашақ ел қорғайтын сарбаздар болатыны анық.Олай болса «Бәйге» биін тамашалаңыздар.

Би: Бәйге

Тәрбиеші: Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
 16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
  Бұл күн — Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.

  • Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен келген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп,солардың бірі — Қайрат Рұсқылбеков, Сабира Мұқанова, Ләззат Асанова оларға үлкен айып тағылып абақтыға жапты.

 Балалра апа ағаларымыздың арқасында тәуелсізддікке қол жеткіздік.

  • Әрине, балалар, бүгінгі таңла Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан Мемлекетіміз. Сендер отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып, үлгілі, тәртіпті болыңдпр, олай болса балалар “Көкке өрле әніне жазылған биімізді тамашалаңыздар.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен, әндерімізбен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз сіздерге тағы да мейрамдарыңыз құтты болсын. Аспанымыз ашық болсын,Қазақстанымыз гүлдене берсін.

«Қош  келдің,  Жаңа  жыл»  атты  кеш

Тәрбиеші:     Барлық жандар  бір  бірлікке  қосқан  үн

Бақытты  боп  бастады  жыл  дастанын.

Қуанышпен   келді  той   деп  жаңа  жыл,

Құтты  болсын   жаңа  бақыт  достарым.

Құрметті  ата-аналар,  ұстаздар,  қонақтар   жаңа  жыл  мерекесіне   арналған  «Қош  келдің  Жаңа  жыл»  атты  кешімізді  бастауға  рұқсат  етіңіздер.

Жаңа  жылдық  кешімізді  ашып  беру  үшін   меңгеруші  жұмысын  уақытша  атқарушы  Жорабекова  Жанат  апайға  сөз  кезегін  береміз.

Тәрбиеші  Бүгін  біз  көңілдіміз,

Жаңа  жылды  қарсы  алып.

Мерекеге  келгендерді, 

Құттықтаймыз  ән  салып.

Хор.  «Шыршаға  бардық» 

Жүргізуші   Жасыл  желек  жамылған

Асыл  моншақ  тағылған.

Міне,  сұлу  шыршамыз

Көптен  күткен,  сағынған.

Балалар  біздің  шыршамыздың   шамдары  жағылмағанғой,  ендеше 

Кел  балалар,  келіңдер.

Тамашаны  көріңдер

Бірге  үріп  шыршаның

Шамдарын  жағып  көріңдер.

Бір,  екі,  үш  Шырша  жарқырай  түс.

Балалар  қараңдаршы  шыршаның  шамдары  жарқырай  түсті,  Қандай  әдемі.

Би   Шыршалар  кәне  шыршамызға  арналған  тақпақтарымызды  айтайық.

Әли.    Жаңа  жыл,  жаңа   жыл

Жаңа  жылға  жаңа  жыр.

Жасыл шырша жанында

Билеп  барлық  бала  жүр.

Осман.   Ақ  қар жапты  даланы,

Ақ  жамылды  айнала,

Жарқыратып   шамдары,

Шырша  келді   ортаға.

Ханшайым.   Тамаша   тамаша, 

Шыршамыз  тұр  жараса

Басында  әсем жұлдызы

Көз  тоймайды  Қараша

Шырай.    Безендіріп   шыршаны

Жыл  қуантты  баршаны.

Той  маскарат  басталды,

Аяз  ата  басқарды.

Жанреке.   Ойнаймыз  тойлаймыз.

Біздің   бақшада

Ойыншықтар   көп  екен,

Әсем  шыршада.

 

Жүргізуші  Балалар  қараңдаршы шыршаның  жанында бір  затты  көріп  тұрмын.  Бұл  не  зат  екен.   Ой,  балалар  бұл  ертегідегі  Аладиннің  құмырасы  емес  пе?

Балалар,  құмыраны  шаң  басып  қалыпты,  сүртіп  тазалайын.

(Сол  кезде  Аладиннің  досы  Жин  кіріп  келеді)

-Әміріңізге  құлдық.

Сіз  мені  мына  тар қапастан  құтқарғаныңызға  үлкен  рахметр.

-Мені мына  құмырадан  құтқарған  адамның  үш  тілегін  орындаймын.  Бірақ   қазір  кризиске  байланысты   бір-ақ  тілегіңізді  орындаймын.

Тілегіңізді  айта  қойыңыз.

(Аяз ата  мен  ақшақарды  бізге  ертіп келсеін.)

Жин.  Ойбу,  мына  құмырада  жата  беріп шашымда  кір  болып  кетпті –ау.  Сендер  менің  көңілімді  көтеріңдер,  сонда   есіме  түсіп  қалар.

Ендеше  қыздарымыздың  «Ұлпақарлар»   биін  тамашалаңыздар.

Би.  «Ұлпақарлар»

Жин.  Ойбу,  бұл  жерде жаңа  жыл  кеші  болып   жатыр  екенғой, барлықтарың  әдемі  болып  кетіпсіңдер,  сендер   ән  тақпақ  би  билейтін  шығарсыңдар.   Жаңа  жыл  туралы  қане  маған  өнерлеріңді  көрсетіңдер.

Ендеше  балаларымыздың  жаңа  жылға  арналған   тақпақтарын  тамашалаңыздар.

Асылым.

 Тілемін  мен  бар  әлемге

Дос  көп   болсын   жаңа  жыл

Ата-ана,  әке-шеше

Құтты  болсын  Жаңа  жыл.

 

 

Хансұлтан.  

Келді  жаңа  жылымыз

Жарқыраймыз  жанамыз,

Қоян  жылын  қарсы  алып,

Әсем  әнге  саламыз.

Айша.

Жаңа  жылда  бақшамыз

Гүлдей  болып  жайнасын,

Аман  болсын  барлық  бала 

Жат-шадман  ойнасын.

Муслим.

Ақ  қар  жапты  даланы

Ақ  жамылды  айнала

Жарқыратып  шамдарын

Шырша  келді  ортаға.

Мансур. 

Кел жаңа  жыл  біздерге

Кел  жаңа  жыл  жаңа  жыл

Қызыл  ала  шапаны

Сағындым  аяз  атаны

Жүргізуші.   Жин  енді  сиқырлы  сөзіңіз  есңіңзге    түскен  шығар.

Жин.   Балалардың  өнерін  көріп,  сиқырлы  сөзім  есіме  түсті.   Абрака  давра  туф.

Аққала  кіріп  келеді.

Жин.   Ойбу  мен  сиқырлы  сөзімді  шатастырып  алып  Аяз  ата  мен   Ақшақарды  шақырам  деп   Аққаланы   айтып   жиберіппін.  Ой, ой,ой  басымай

Аққала.  Сәлеметсіңдер  ме  балалар!

Балалар  сендерге  қонаққа  келдім.

Жүргізуші.  Ендеше  Аққала   балаларымыз  сізбен   бірге «Аққала»   биін  билесін.

Би.   «Аққала»

Жин.   Балалар   сиқырлы  сөзісді есіме  түсірдім.   Сендердің  тілектеріңді  орындайын.

-Аврка  давра  подовра  туф.

-Аяз  ата  мен  қарша  қыз келіп  ортамызға.

Аяз  ата.  Бүгін   Жаңа  жылмен  құттықтаймыз.  Жақсы  көңіл  күй  сіздерге  сыйлаймыз.

Жүргізуші.  Қош  келдіңіздер  Аяз  ата   мен  Ақшақар,  біздің   балалардың  сіздерге  арналған  тақпақтары  мен  ән-билер  бар.

Жүргізуші  Той,  мереке  Салтанат

Думанданды  шартарап,

Аяз  ата,  ақшақар

Келіп  қалды ортаға

Татуларын  арқалап.

Ал,  ендеше  «Ақ  көгершін»  тобының  «Қояндар»   биін  тамашалаңыздар.

Би.   «Ақ  қояндар»

Жүргізуші.  Әкелсін  жылы  ырыс-құт

Әлемде болсын  тыныштық.

Ән  салайық  жаңаша

Жаңа  жылым  тамаша дей   отырып  балаларымыздың  тақпақтарын  тамашалаңыздар.

Аружан.

Аяз  ата  келңп  тұр,

Бізге  сәлем  беріп тұр.

Сақалының  үзынын-ай

Кесіп  алсам  шіркін-ай.

Айда.

Жаңа  жыл,  жаңа  жыл

Жаңа  жылда жаңа  жыр

Жасыл  шырша жанында

Билеп  барлық бала жүр.

Айсұлтан.

Аяз  ата  Ақшақар

Келді  жаңа   жылымыз.

Ақшақардай  әдемі

Болсын жаңа  күніміз.

Жүргізуші.  Балалар  сиыр  жылымен  қоштасып,  қоян  жылын  қарсы  алайық.  Ендеше  сендермен   «Кім  жылдам»  ойынын  ойнаймыз.

Жүргізуші.  Жаңа  жыл  келді  жеріме

Жаңа  жыл  келді  еліме

Шаттыққа  бөлеп  әр  үйде

Жаңа  жыл  шықшы  төріме  дей  отырып,  балаларымыздың  тақпақтарын тамашалаңыздар.

Әсем.

Әдемелеп  біз  ілген

Ойыншықтар  тігілген.

Қандай  әсем  шыршамыз,

Ән  шырқайық  баршамыз.

Нұрсұлтан. Жаңа  жыл  келгенде

Қуанып қарсы аламыз.

Аяз  ата  келгенде

Билейміз  ән  саламыз.

 Нұрасыл.   Айналайық шыршаны

Қане  қарап   тұрайық.

Әнді  айтып  жырлатып

Жаңа  жылды  тойлайық.

 

Айкөркем.Жаңа  жыл  келгенде

Қуанып  қарсы  аламыз,

Аяз  ата  келгенде

Билейміз ән  саламыз.

 

Жүргізуші.   Дөңгеленіп  тұрайық.

Ойын  сауық   құрайық.

Би  шашуы  шашылсын.

Жаңа жылға   ылайық.

Би.  «Жаңа жыл.»

Жүргізуші.  Құрметті  қонақтар,  балалар!

Қош  келдің  Жаңа  жыл»  атты  мерекеміз  аяқталып қалды.  Көріп-тамашалағандарыңызға  рахмет.  Жаңа  жыл  құтты  болсын,  отбасыларыңызға  тек  қуаныш  пен  жақсылық әкелсін.

«Күншуақ» бөбекжай-балабақшасы

Біз туралы

Оқыту тілі: Қазақша
Балабақша мемлекет меншігінде

Байланыс

© 2023 «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасы